Мінсіз әйел болу үшін…
1. Жиі-жиі дұға етіңіз.
Отбасылық өмірде намаз – барлық аурулардың емі, иманыңызды күшейтеді және жұбайлардың қарым-қатынасын нығайтады. Дұға ету – береке мен бақыттың кілті.
2. Жарыңызды сыйлаңыз.
Игі әйел – Алланың барлық бұйрықтарын орындайтын, күйеуіне адал және оның құқықтарын бірінші орынға қоятын әйел.
3. Әрдайым қолдау көрсетіңіз.
Кез-келген жағдайда қуанышта да, қайғыда да сіз оның сүйеуі мен дем берушісі екеніңізді ұмытпаңыз.
4. Әдемі болыңыз.
Сыртқы сұлулығыңыз бен жан сұлулығыңыз үйлесімде болсын. Күйеуіңіз шаршағанда жұбанышы, тынысы мен рақаты болыңыз.
5. Шүкіршілік етіңіз.
Қолдағы барыңызға қанағат етіп, керекті дүниелеріңізді бірге табуға көмектесіңіз.
6. Жұмыстан келгенде күліп қарсы алыңыз.
7. Үй шаруасына көп көңіл бөліңіз.
Таза үй мен дәмді тағам күйеуіңізді қуантады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Ерінің үйіне әйелі жауапты, сол үшін де сұралатын болады»-деген.
8. Ашу мен ызаға жол бермеңіз.
Ұрыс-керіс пен ашу ерлі-зайыптылардың арасын алшақтатады. Ашуланған сәтте өзіңізді сабырға шақырыңыз. «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» деген.
9. Болмашыға ренжімеңіз.
Отбасы болған соң, әрине, түсініспеушіліктер болады, бірақ болмашыға күйеуіңізге ұзақ уақыт ренжіп жүріп алмаңыз. Кемшілігіне көз жұма қарап, ақылмен шешіңіз.
10. Туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болыңыз.
Оның жақындарымен ара-қатынасыңыздың жақсы болуы – еріңізді тек қана қуантады…