Бір салауат
Бір салауат

Бір салауат.... 

Ахиретте бір мұсылманның амалдары есепке тартылады. Күнәлары таудай, ал сауабы бір тұтам болады. Періштелер оны жаһаннамға алып бара жатқанда сүйікті пайғамбарымыз оларға: «Асықпаңдар! Ол менің үмбетімнен болады, оны жіберіңдер!» дейді. Періштелер: «Йа Нәбиуллаһ, бұл тапсырманы бізге Аллаһу Та’ала берді. Біз не істей аламыз? Сен Раббымызға дұға етсең, Ол бізге не істейтінімізді білдіреді» дейді. Сүйікті пайғамбарымыз дұға етеді. Аллаһу та’ала періштелерге: «Хабибім не айтса соны істеңдер!» дейді. Пайғамбарымыз: «Таразыға тағы бір рет тартып көрейік» дейді. Қайтадан таразының басына келеді. Періштелер: «Йа Расулаллаһ, қараңызшы күнәлары таудай» дейді. Пайғамбарымыз мүбәрәк қолындағы бүктелген қағазды таразының оң жағына қойып: «Енді көріңдерші» дейді. Бірден жағдай өзгереді. Сауаптар таудай көбейіп, күнәлар аз қалады. Әлгі мұсылман құтылғанын көріп, пайғамбарымыздың аяғына жығылып: «Мені құтқардыңыз Йа Расулаллаһ! Қағазда не бар еді?» деп сұрайды. Расулуллаһ алейһиссалам «бірге ашып көрейік» дейді. Қағазды ашқандарында ішінде: «Аллаһуммә салли алә сәйидинә Мухаммәдин уә алә әли сәйидинә Мухаммәд»

салауат, ниет, амал, ахирет, Пайғамбарымыз с.а.у
Дариға ИдияеваДариға Идияева
8 жыл бұрын 3418
0 пікір
Блог туралы